«Дархан даланың данышпаны-Мәшһүр Жүсіп» атты кеш
Жаратқан- ау текті етіп қазақ деген халықты,
Маңдайына тарту еткен Мәшһүр сынды алыпты.
Қамын жеген қалың қара қазақтың,
Боларына сенім артқан тәуелсіз ел, азат күн! -деп жырлағандай, Мәшһүр Бабамыздың биыл 165 жылдық мерейтойына орай Б.Момышұлы атындағы 45 қазақ классикалық гимназиясында «Дархан даланың данышпаны-Мәшһүр Жүсіп» атты кеш өтті.
«Сенімен Болашақ» Республикалық ата- аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Асанов Нұркен Жарылқапұлының бастамасымен дала абызы, халық данасы болған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрген болатын.
Іс-шара Мәшһүр ілімімен оқушыларды сусындату өскелең ұрпаққа ұлықтау, білімді әрі саналы жастардың санын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кеш барысында оқушылар Мәшһүр кейіпіне еніп «Ит дүние» өлеңін өз нақышына келтіре оқыса, бірі шығармаларын терең зерттеп баяндады, енді бірі күмбірлеген қазақ күйін құйқылжыта орындап берді. Оқушылар философтың өмірі мен шығармашылығын зерттеп ой түйіндерін ортаға салды. Кеш соңында «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облысы филиалының сарапшылары «Әулие Ата»мешітінің бас имамы - Аманбаев Ержан, М.Х.Дулати атынтағы Тараз өңірлік университетінің аналар кеңесінің төреайымы - Жантаева Ардақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрметті профессоры, доцент, филология ғылымдарының кандидаты - Исматова Сейсегул Молдабекқызы, «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы - Бағжанов Дәурен Орайұлы кеш барысынан алған әсерлерімен бөлісе отыра оқушыларға Мәшһүр өнегесі жайында тың мәліметтер берді, шығармаларының тәрбиелік мәнін терең ашып көрсеткен сарапшылар мен оқушылар арасында рухани сабақтастық өз жалғасын тапты. Б.Момышұлы атындағы қазақ классикалық гимназиясының мектеп басшылығы мен ұстаздарына және барша қатысушы оқушыларға жылы лебіздерін айтып, алғыс хаттар табыстады.
Адам баласының ғұмырында қалдырған ғибыраты мен өнегесі арқылы есімі өшпек емес. Осы тұста Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының білім мен ғылым жолындағы ізденісі ел болашағы бола білетін жастарға мол мұра. Сондықтанда ел маңдайына біткен бағы, халқының дана һәм дара тұлғасының есімі қашанда дәріптеле бермек.
Келесі мақала