Алимент өндіру туралы тәртіптері
ҚР « Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 70 бабы бойынша ата-ана жасы кәмелетке толмаған балаларын асырауға міндетті.
Алимент өндіру туралы сот актісі сот орындаушыға түскен күннен бастап үш күн ішінде атқарушылық өндірісі қозғалады.
Борышкер егерде жұмыспен қамтылған жағдайда, жұмыс орның анықтап,есеп бөліміне борышкердің жалақысынан1- балаға 25 пайыз,2- балаға 33 пайыз, үш және одан жоғарғы балаларға 50 пайыздан алимент өндіруге жолданады.
Сот орындаушы өндіріп алушының (заңды өкілінің) өтініші бойынша кез келген уақытта, бірақ көп дегенде тоқсанына бір рет борышкердің жалақысы мен басқа да табыстарынан ұстап қалудың және ұсталған сомаларды өндіріп алушыға жіберудің дұрыстығы мен уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.
Егерде алимент берешегін заң талабына сай ұсталмаса / аудармаса/ өндіріп алушының құқықтары бұзылған жағдайда, мекеменің жауапты қызметкері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 670 бабы бойынша жауапқа тартылады.
Борышкер жалақысы немесе өзге де кірісі туралы анықтам тапсырмаған жағдайда, жұмыс істемейтіндерге ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңның 99 бабына сай, егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде жұмыс істемеген болса немесе оның жалақысы мен өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаса, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақысы қазіргі таңда 365502 тенге құрайды.
365502тенге:1/4 б.=91376тенге / 1 балаға/
365502 тенге:1/3б.=120616тенге /2 балаға/
365502 тенге:1/2б.=182751тенге/ 3 бала және одан жоғарғы/.
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі» туралы Заңының 32-бабына сай, алимент өндіру туралы актісі бойынша борышкердің алимент қарызы болған жағдайда,атқарушылық құжаттардың орындалуы қамтамасыз ету
жөнiндегi шаралары қолданылады.
1) борышкердің мүлкіне тыйым салу,мүлкiн алып қою; екінші банк денгейдегі есеп шоттарарынатыйымсалуга
2) борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу,
3) борышкер мүлкiне сүргi салу;
4) құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою;
5 борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу қоюға
6)алимент берешегі жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салынады
7) алимент берешегін төлемеген жағдайда ,борышкерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669 бабымен әкімшілік, ҚР Қылмыстық Кодексінің 139 бабымен қылмыстық жауапқа тартылады
Борышкер шетелге тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда алименттi өндiрiп алу тәртiбi халықаралық шарттармен айқындалады.
немесе әскери қызметтi өткеруге кеткен жағдайда алименттi өндiрiп алу тәртiбi ҚР орташа айлық көлемінде төлейді,осы уакытта жиналган алимент бойынша берешекті толык төлеуден немесе ішінара босату туралы арызбен сотка жугунуге құқылы. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан борышкерлер үшін, егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген болса отеп жаткан мекемесинде, алимент бойынша берешек бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.
Алимент толемей кашып іздеуде журген борышкерлерге балалары кәмелетке толғанына қарамастан, алиментті бүкіл іздеуде журген уакытыннан бастап өндіріп алынады.
Алма Нұрханова