Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлемдік әскери жағдай

Әлемдік әскери жағдай
ашық дереккөз
Әлемдік әскери жағдай
Әлеуметтік желі қолданушылары Біріккен Ұлттар Ұйымы кез келген елде әскери жағдай енгізу құқығына ие болу үшін оған «мәңгілік төтенше өкілеттіктер» беруді талап етуде деп жазуда. Бұл пандемия, табиғи, климаттық апаттар және т.б. жаһандық қауіптер жағдайында қажет екен. Мұның бәрі жалған. Таралған хабарламада БҰҰ-ның төтенше өкілеттіктер беруді талап етуінің шарттары «Болашақ үшін келісім» деп аталады және келесі жылы Болашақ саммитінде қабылданады делінген. БҰҰ-ның ресми сайтында құжат пен осылай аталатын саммит туралы жазылған. Іс-шараға арналған парақшада 2024 жылы өтетін саммитке дейін атқарылған және атқарылатын қадамдар егжей-тегжейлі көрсетілген. Сайттағы ақпарат бойынша, 2015 жылы осы жылға дейінгі күн тәртібі қабылданды. Оған 17 ұзақмерзімді мақсат кіреді, оның ішінде әлеуметтік және гендерлік теңдік, таза су және тағы басқалар сияқты негізгі ресурстарға тең қолжетімділік те бар. Әскери жағдай туралы құжатта бірде-бір сөз жоқ. Сондай-ақ сайтта саммитке дайындық аясында БҰҰ-ның 75 декларациясы қабылданғаны туралы жазылған. Онда халықаралық құқықты сақтау, қақтығыстардың алдын алу, әйелдердің құқықтарын кеңейту және нығайту, экология және климаттық дағдарыспен күресу туралы айтылады. Саммит қарсаңында қабылданған тағы бір құжат «Біздің жалпы күн тәртібіміз» деп аталады. Бұл БҰҰ Бас хатшысының тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға арналған баяндамасы. Онда БҰҰ-ға төтенше өкілеттіктер беру және әлемде әскери жағдай енгізу туралы айтылмайды. «Болашақ үшін келісімнің» мәтіні әлі дайын емес. БҰҰ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, оны «мүше мемлекеттер ілгерілететін мәселелер бойынша үкіметаралық келіссөздер барысында» жасайды. Яғни қатысушы елдер өз еркімен БҰҰ-ға кез келген жерде әскери жағдайды енгізуге айрықша құқық беру туралы шешім қабылдайды деп пайымдауға негіз жоқ. Олай болса, БҰҰ бүкіл әлемде төтенше өкілеттіктерге ие болғысы келетіндігіне дәлел жоқ. Мұндай тезистер ұйымның құжаттарында жоқ, ал хабарламада айтылған «Болашақ үшін келісім» әлі жасалмаған. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар