Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК ОН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК  ОН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ
ашық дереккөз
ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК ОН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ
Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшылары он жылдан аста м уақыт бойы қоғам мен экономиканы түбегейлі өзгеріске жетелейтін жаңа технологиялар жөнінде зерттеулер жүргізіп келеді. 2011 жылдан бері жарияланатын жыл сайынғы есеп жаһанға ықпал ете бастаған технологияларды анықтап берді. Айталық, 2015 жылғы есепте сипатталған «CRISPR-Cas9» нақты генетикалық-инженерлеу құралы 5 жылдан кейін «Нобель» сыйлығын иеленіп, қазіргі таңда жәндіктер мен құрғақшылыққа төзімді дақылдарды өсіруге қолданылып келеді. Әлемнің 20 елінен 90 ғалым атсалысқан биылғы зерттеуде технологиялардың ықтимал ықпалы 5 түрлі көрсеткішпен сұрыпталып, ұзын саны 10 жаңа технология тізімі жасалған. Олар: 1. Жұмсақ батареялар (flexible batteries) Тағуға жарамды технологияларды ден­саулық сақтау және электронды то­қыма саласына енгізуді көздейді. Бұл құрыл­ғы­лар­дың арқасында иілгіш компьютер экрандарынан бастап, «смарт» киім-кешекке дейін электрониканың болашағы барған сайын икемді бола түседі. 2. Генеративті жасанды интеллект Мақсаты – адамзат тіршілігінің шекара­сын кеңейту. Бүгінгі таңда жасанды интел­лект негізінен мәтін жазу, компьютерлік бағдар­ламалар жасау, бейнелер мен дыбыстарды дайындау мақсатында қолданылып келсе, болашақта бұл технология дәрі-дәрмектерді жасау, архитектура мен инженерия саласында да пайдаланылмақ. 3. Экологиялық орнықты авиациялық жанармай (sus­tainable aviation fuel, SAF) Ол авиация саласын нөлдік көмірқышқыл қалдықтар бағытында дамытпақ. Қазіргі кезде орнықты авиациялық жанармай әуе кемелері жанармайларының әлемдік сұранысының 1 пайызын ғана құрайды. Дегенмен бұл көрсеткіш 2040 жылға қарай 10-15 пайызға жетіп, 2050 жылға дейінгі авиация саласын нөлдік қалдықтар жолына әкелуге тиіс. 4. Бактериофаг. Оның көздегені (designer pha­ges) – адамзат, жануарлар мен өсімдіктердің саулығын нығайту мақсатында вирустарды инженерлеу Оның көздегені (designer pha­ges) – адамзат, жануарлар мен өсімдіктердің саулығын нығайту мақсатында вирустарды инженерлеу. «Locus Biosciences» инженерленген фагтарды анти­биотикке төзімді бактерияларға қарсы күресу мақсатында пайдаланса, «Eligo Biosciences» осы әдіспен белгілі бір бактериялардың патогенділігін төмендетіп келеді. 5. Жан саулығын нығайтатын ортақ виртуальді кеңістіктер (shared virtual space) Виртуальді ортақ кеңістіктер экран алдындағы уақытта адамның тынығып, қалпына келуіне септігін тигізеді. 6. Тұтынуға жарамды өсімдіктер сенсоры (wearable plant sensors) Ол әлемді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылық деректер жиынтығын қалыптастырады. 7. Кеңістік омиктер (spatial omics) Кеңістік омиктердің арқасында молекула деңгейіндегі «жасуша атласы» саласындағы зерттеулердің жаңа толқыны пайда болып жатыр. Қазіргі таңда мұндай технологияны кеңейту өте өзекті. 8. Жұмсақ нейроэлектроника (Flexible neural electronics) Жүйке жүйесіне әсер ету үшін жетік инже­нерленген сызбаны пайдалану. Кейінгі кездері Ми-компьютер интерфейсы (МКИ) (brain-machine interfaces (BMIs) құрылғыларды ой арқылы бақылаудың қауқары мен әлеуеті туралы қызу пікірталас жүріп жатыр. 9. Орнықты есеп (sustainable computing) Нөлдік энергия тұтынушы деректер орталығын құру мен енгізу. Жер шарының экологиялық дағдарысы кезінде деректі қолдану да қауіп төндіруі мүмкін. 10. ЖИ арқылы басқарылатын денсаулық сақтау саласы Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа технологиялар. Денсаулық сақтау жүйесінің осал тұстары COVID-19 пандемиясы кезінде анық көрінді. Оны шешу үшін Үкімет пен ғалымдар тобы ЖИ мен маши­налық оқытуды (machine learning) медицина саласына енгізе бастады. Дүниежүзілік экономикалық форум аясында сарапшылар жасаған жаңа технологиялар туралы әлемдік есеп мемлекеттер мен ғалымдар үшін экономиканы әртараптандыруда, технологиялық дамуға қатысты маңызды шешімдер қабылдауда көмекші құрал бола алады. Айнұр АБАЙ, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар