Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Солтүстіктегі «соғыс»

Солтүстіктегі «соғыс»
ашық дереккөз
Солтүстіктегі «соғыс»
Еліміздің Ішкі істер министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Естеріңізде болса, жуырда ғана әлеуметтік желілерде және видеохостингтерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасында қақтығыс басталғаны жайлы видео таратылған-ды. Ол бейнематериалда лек-легімен жол бойында кетіп бара жатқан әскери техникалар көрсетіледі және видео авторы екі ел шекарашыларының арасында дау туындап, соғыс өрті тұтанып жатқанын ашық айтады. Көп ұзамай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді. Нақтылай түссек, таралған видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген, ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында орын алған, қазір онда техника тартылып жатыр. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мұның бәрі жалған. «Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған екенін хабарлайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар