Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МАҢЫЗДЫ САЯСИ ІС-ШАРАНЫ ЖАСТАР ДА ҚОЛДАЙДЫ

МАҢЫЗДЫ САЯСИ ІС-ШАРАНЫ ЖАСТАР ДА ҚОЛДАЙДЫ
ашық дереккөз
МАҢЫЗДЫ САЯСИ ІС-ШАРАНЫ ЖАСТАР ДА ҚОЛДАЙДЫ
Елімізде 5 маусымда өтетін ең маңызды саяси іс-шара – республикалық референдум өткізуге дайындық басталып кетті. Конституциялық референдумды қолдау жөнінде қоғамдық штаб өкілдері референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, пікір алмасу мақсатында кездесулер ұйымдастыруда. Соның бір парасы жаңа Жамбыл фосфор зауытының мәжіліс залында өндіріс орнының ұжымымен, Т.Рысқұлов атындағы №48 мектеп-гимназияның мәжіліс залында №9 аумақтық округ тұрғындарымен өтті. Бұл күні штаб өкілдері Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің мәжіліс залында да республикалық референдум туралы аталмыш оқу орнының ұжымы мен студенттерімен жүздесіп, пікір алмасты. Колледж ұжымымен кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелер талқыланды. Жиынды облыстық референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы Амангелді Карентаев жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістерді және референдум өткізудің мәнін талқылап, жаңа Қазақстанның қалыптасуы үшін енгізілетін түзетулердің маңыздылығын атап өтті. – Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен ауқымы және саяси-әлеуметтік жағынан маңызы зор аса ауқымды өзгерістер орын алуда. Соның ішіндегі ең негізгісі – референдум. Бұл дегеніміз біздің Ата Заңымыздың құқықтық заңдық негізде бекуіне септеседі. Президент ұсынған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріс пен толықтыру енгізілетін болды. Кеше Президент сол өзгерістерді қабылдау үшін 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – «мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принциптің іс жүзінде орындалуының айғағы, – деді штаб төрағасы. Облыстық штаб өкілдері референдум өткізу туралы өз ойларын ортаға салып, оған дауыс беру құқығы бар әрбір қазақстандықтың қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар