Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан Еуразия құрлығында басты аграрлық орталыққа айналуы қажет

Қазақстан Еуразия құрлығында басты аграрлық орталыққа айналуы қажет
ашық дереккөз
Қазақстан Еуразия құрлығында басты аграрлық орталыққа айналуы қажет
Осындай стратегиялық мақсатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойды. Шынында да бүкіл әлем Қазақстанды аграрлық мемлекет ретінде танып біледі. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның 100 миллион адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар. Бірақ ол мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Осыған байланысты Президент бірнеше нақты мақсаттар қойды. Біріншіден, сапалы азық-түлік өнімдерінің үлесін (ет, сүт, астық) алдағы 3 жылда 70 пайызға жеткізу. Ол үшін салық саясатын қайта қарастырып, өзгерту. Екіншіден, ауылшаруашылық саласында ірі компанияларды көбейту. Бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды тарту. Үшіншіден, отандық кәсіпорындарының (мысалы, Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі сүт-тауар фермаларын салу тәжірибесі) жетістіктерін үлгі ретінде барлық аймақтарда пайдалану. Төртіншіден, «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру. Бесіншіден, ауылшаруашылық техникасының 80 пайызы тозған. Осыған байланысты жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңарту қажет. Алтыншыдан, ауылшаруашылығы жаңа технологияларға, инновациялық амал-тәсілдерге сүйену керек. Сондықтан аграрлық ғылымды дамыту, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын ауылшаруашылығының талаптарына бейімдеу – өзекті мәселе. Жетіншіден, егіншаруашылығында өзгерістер жасау керек. Яғни егіс түрлерін көбейту, көбірек пайда әкелетін дақылдарды егу, жаңа сұрыптарды шығару, диқандарды жергілікті сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері жолға қойылуы тиіс. Сегізіншіден, әлеуметтік маңызы бар ауылшаруашылық тауарларының бағасын тұрақтандыру. Мысалы, Жамбыл облысының халқы бұл тауарлардың 19 түрімен былай қамтылған: 8 түрімен – 100 пайыз, 9 түрімен – 50 пайыз, күрішпен 0 пайыз (Қызылорда облысынан алынады), қарақұмықпен 0 пайыз (Солтүстік Қазақстаннан алынады). Баға мәселесін мемлекеттік органдар әкімшілік ресурстарды пайдаланып шеше алмайды. Оған көзіміз жетті. Бағаны тұрақтандыру тікелей азық-түлік келісімшарт корпорациясының құзырында болу керек. Бір сөзбен айтқанда, ауылшаруашылығын дамыту – біздің стратегиялық мақсатымыз. Қазір әлем халқы азық-түлік дағдарысын бастан кешіп жатқанда Қазақстанның дамуы ауылдың жағдайына тікелей байланысты. Махметғали САРЫБЕКОВ, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының вице-президенті  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар