Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАЖ қызметкерлері мектеп оқушысына қуаныш сыйлады

ҚАЖ қызметкерлері мектеп оқушысына қуаныш сыйлады
ашық дереккөз
ҚАЖ қызметкерлері мектеп оқушысына қуаныш сыйлады
Әрбір оқушы жаңа оқу жылы қарсаңында қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтарға қол жеткізгісі келеді-ақ. Тиісінше, ата-аналарда бауыр еті баласының тілегін орындауға күш салады. Өкінішке қарай, кейбір ата-аналар да мұндай мүмкіндік жоқтың қасы. Ұл-қызына қалағанын сатып алып беруге әлеуметтік жағдайы жетпейді. Десе де, қай заманда да жомарттық танытқан қазақ халқы бұл тұста да білгенінен жаңылмасы анық. Жалпы, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қоғам тыныштығын күзететін тәртіп сақшылары қайырымдылық жасаудан да алдыңғы шепте жүреді. Мәселен, жуырда ғана жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері бірнеше баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, ел-жұрттың алғысына бөленді. Нақтылай түссек, өңірлік ҚАЖ департаменті басшылығының бастамасымен қолға алынған игі іске барлық жеке құрам қызметкерлері бір кісідей атсалысқан. Нәтижесінде, көне шаһардағы №39 орта мектептің бір оқушысы қажетіне қол жеткізді. Өз кезегінде біз де баланы шын қуантқан тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар