Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

500 респонденттен эксперттік сауалнама алынды

500 респонденттен эксперттік сауалнама алынды
ашық дереккөз
500 респонденттен эксперттік сауалнама алынды
«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» «Жамбыл облысының діни ахуалын зерттеу» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – арнайы мамандарды тарта отырып, халық арасында сауалнама жүргізу арқылы облыстағы діни ахуалға зерттеу жүргізу. Осы орайда діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары, этномәдени орталықтар, БАҚ өкілдерінен және теолог мамандардан 500 эксперттік сауалнама алынды. Сауалнама үлгісі «Дін проблемаларын зерттеу орталығымен» бекітіліп, сауалнама жүргізу волонтерлер арқылы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда эксперттік сауалнаманың аналитикалық талдау есебі әзірленіп жатыр. Еске сала кетсек, эксперттік сауалнамадан бұрын зиялы қауым өкілдерінен және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын фокус топ құрылып, облыстағы діни ахуалға шолу жасалып, өзекті мәселелері айқындалған болатын.

Абзал МҰҚАТАЕВ, «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының төрағасы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар