Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нұржан Нұржігітов Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Нұржан Нұржігітов Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
ашық дереккөз
Нұржан Нұржігітов Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Нұржан Нұржігітов облыс туралы жан-жақты ақпарат бере отырып, аймақтың әлеуетті инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері мен жоспарларды талқылап, стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары бойынша келесімдердің маңыздылығына тоқталды. Айта кетейік, Жамбыл облысының Өзбекстанмен сыртқы сауда айналымының көлемі 2022 жылы 29,7 млн. АҚШ долларын құраған (өсім - 54,7%). Ал, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында өзара тауар айналымының көлемі 14,4 млн. теңгеге жеткен. Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіп орындарына, тарихи-мәдени нысандарға барып, облыс кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар