Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Маңызы мол мәдениет күндері

Маңызы мол мәдениет күндері
ашық дереккөз
Маңызы мол мәдениет күндері
Облыс әкімдігінің қолдауымен облыс аудандарындағы мәдениет күндері Жамбыл ауданында жалғасын тапты. Ауданның 95 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Мәдениет – асыл қазынам» тақырыбындағы мәдениет күндері алдымен Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және бірқатар зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Мәдениет күндерінің аясында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, кәсіпкерлер тауарларының сатылымы, қолөнер, қылқалам шеберлері туындыларының көрмесі, ұлттық спорттық ойындар көпшілік назарына ұсынылды. Айта кетейік, биылғы жылы мәдениет күндері аясында сараптау комиссиясы әр ауданның мәдениет саласы бойынша жетістігін бағалап, соңында қорытындысын шығаратын болады. Негізгі мәдени шараға баға беретін қазылар алқасы құрамында Облыстық халық шығармашылығы орталығы, кітапхана, музей өкілдері мен музыка, би мамандары қамтылған. Нәтижесінде үздік деп танылған өнерпаздардың қатысуымен жыл соңында Тараз қаласында гала-концерт ұйымдастырылып, бас жүлде иеленген ауданға автокөлік және жүлдегер аудандарға түрлі бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар