Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразға кәріз тазарту жүйесі керек-ақ

Таразға кәріз тазарту жүйесі керек-ақ
ашық дереккөз
Таразға кәріз тазарту жүйесі керек-ақ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының кәріз-тазарту құрылыстарын салу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басқосуға «Жамбыл су» МКК, «Метаг Холдинг» АҚ өкілдері мен бейнеконференция-байланыс режимінде Еуропалық қайта құру және даму банкі, «CEST Consulting» ЖШС, «Pricewaterhouse Coopers (PwC)» ЖШС өкілдері қатысты. «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ақпараты бойынша, облыс орталығының қолданыстағы сүзу алаңдары 1963 жылы іске қосылған, оған тәулігіне 75-80 мың текше метр қалдық су түсуде. Жергілікті бюджет есебінен өткен жылы 217,07 гектар алқапта орналасқан қолданыстағы сүзу алқаптарына тағы 20 гектарды құрайтын 12 карта қосылған. Қазіргі таңда сарқын суларды тазарту мәселелерін шешу үшін жаңа құрылыстың жобасы әзірленуде. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 100 000 текше метрді құрайды. Аймақ басшысы бұл бағыттағы мәселелерді шешуге кешенді көзқарас қажет екендігін атап өтті. – Кәріз-тазарту құрылыстарын салу жобасы – ең маңызды жобалардың бірі. Оған мүдделі тараптардың Жол картасы бекітілді. Біздің ортақ міндетіміз – аталған Жол картасы аясында іс-шараларды уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру, – деді Нұржан Нұржігітов. Кеңес барысында жобаны қаржыландыру, қалдық суларды тазарту және көлемін азайту бойынша заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар