Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кәсіптік мамандық иелері шеберлік сынасты

Кәсіптік мамандық иелері шеберлік сынасты
ашық дереккөз
Кәсіптік мамандық иелері шеберлік сынасты
Жуырда облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың кәсіби шеберлігін арттыру және қолдау мақсатында «Профи-2023» кәсіби жастар байқауы өтті. Өңірдегі жұмысшы жастар арасында үздіктерді анықтау, олардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқау биыл 16-жыл өткізіліп отыр. Сайыста «Barbershop» ісінің шебері», «Визажист ісінің шебері», «Дәнекерлеу ісінің шебері», «Кондитер ісінің шебері», «Әйелдер шаштаразы» номинациялары бойынша жастар Тараз қаласы мен бірқатар аудандардан қатысып, шеберліктерін дәлелдеді. Байқауға Тараз сервис және технологиялық колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі, «Вarbershop Bazooka», «Barbershop 38», «Ельвин Barbershop» ерлер шаштаразы, «Makeup Dariga», «Райхан» сұлулық салондары, «Мадина cake», және «Maysa» дүкендер желісі демеушілік етті. Сайыс таңертеңнен түске дейін жалғасты. Ең бірінші кезекте қатысушылардың барлығы Қайрат Рысқұлбеков саябағына жиналып, тіркеуден өтті. Әр қатысушы өз номинациялары бойынша бекітілген нысанда сынға түсті. Атап айтқанда, «Barbershop» ісінің шебері» номинациясы «Barbershop 38», «Ельвин Barbershop» ерлер шаштараз салондарында өтсе, «Әйелдер шаштаразы» Тараз сервис және технология колледжінде өтті. «Makeup Dariga», «Райхан» сұлулық салондарында «Визажист ісінің шебері» номинациясы, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде «Дәнекерлеу ісінің шебері» номинациясының жұмыстары әзірленді. Ал кондитер мамандарына Тараз сервис және технология колледжінің оқу корпусы таңдалып алынды. Тапсырмаларды орындауды әр қатысушы сағат 10:00-де бастап, жұмыс барысы 2 сағатқа созылды. Кондитерлер мерекелік кешке арналған креативті дизайнмен торттар әзірлесе, шаштараз ісінің шеберлері мен визажистер қоғамды таңғалдыратын образдарды дайындады. «Дәнекерлеу ісінің шебері» номинациясының қатысушылары темірден қажетті бұйымдарды жасап шығарды. Жұмыс барысын қазылар алқасы қатаң бақылап отырды. Сайыс қорытындысында төрешілер қатысушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады. Атап айтқанда, «Barbershop» ісінің шебері» номинациясы бойынша І орынды Рустам Набиев, ІІ орынды Алимжан Марданов, ІІІ орынды Шахзод Аликеев иеленді. «Кондитер ісінің шебері» номинациясы бойынша І орын Зарина Камаловаға бұйырса, ІІ орынды Ақнұр Оспанова, ІІІ орынды Айым Киікбай иеленді. «Әйелдер шаштаразы ісінің шебері» номинациясы бойынша І орынды Ербол Асылбеков жеңіп алса, ІІ орын Тасих Гасановке, ІІІ орын Аяжан Үшкемпірге бұйырды. «Визажист ісінің шебері» номинациясы бойынша І орынды Қарлығаш Өмірзақова, ІІ орын Малика Сейдалиева, Аруза Рысқұлбек жеңіп алды. «Дәнекерлеу ісінің шебері» номинациясы бойынша І орын Төрекелді Тұрмағанбетке бұйырса, ІІ орын – Әбілқозы Ибраймов, ІІІ орынды Таныбек Әділет иеленді. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан әр номинация бойынша ақшалай сыйлықтар мен естелік статуэткалар тарту етілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар