Меркі ауданындағы өрт 200 гектар аумаққа жайылған
Жамбыл облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ аумағында таулы аумақта алдын ала болжаммен 200 га алаңда қураған шөп жанды.
Қазавиаорманкүзетінің су жинау құрылғысы бар Ан-2 ұшағымен аэровизуалды барлау және сөндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт ошақтарына әуеден 11 рет су төгілді.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ЕО-145 тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




