Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ИНВЕСТОРЛАРҒА ЖАСАҒАН ЖАҒДАЙМЕН ӨЛШЕНЕДІ

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ИНВЕСТОРЛАРҒА ЖАСАҒАН ЖАҒДАЙМЕН ӨЛШЕНЕДІ
ашық дереккөз
ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ИНВЕСТОРЛАРҒА ЖАСАҒАН ЖАҒДАЙМЕН ӨЛШЕНЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыру қажет екенін тапсырды. «Қазақстанда тікелей шетел инвестициясын тарту үшін барлық жағдай жасалған. Біз қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталғанына мүдделіміз. Мемлекет ішкі және шетелдік инвесторлардың сенімін қайта қалпына келтіру үшін қажетті барлық іс-шараны қабылдайтындығына сендіргім келеді. Инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттемесі мен кепілі толық көлемде орындалатын болады. Дәл осы кезеңде жаһандық энергетикалық және технологиялық өту – ESG талаптарының күшеюі жағдайында елдің тартымдылығын арттыру үшін инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы қажет», деп Үкімет алдында бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеді. Президент тапсырмалары аясында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін жобаларды жүзеге асыру жоспарланып, осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы, саладағы басты бағыттардың бірі – инвестиция тарту. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 63,1 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113 пайызды құрады. Үш айдың қорытындысымен шағын кәсіпорындарға 46,8 миллиард теңге (үлесі 74,2 пайыз) инвестиция тартылып, нақты көлем индексі (НКИ) 119,3 пайызға артты. Орта кәсіпорындарға 2,8 миллиард теңгеге (үлесі 4,5 пайыз) тартылып, нақты көлем индексі 13,2 пайызға дейін төмендесе, ірі кәсіпорындарда 13,4 миллиард теңгеге (21,3 пайыз) салынып, НКИ 101 пайызды құрады. Салалар бөлінісінде үш айдың қорытындысымен тартылған инвестиция көлемінің 51 пайызы өнеркәсіп саласының үлесіне (32 миллиард теңге), 23,8 пайызы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (15 миллиард теңге), 5 пайыз көлік жинақтау саласына (3,2 миллиард теңге), 3,9 пайыз денсаулық саласына (2,7 миллиард теңге) тартылды. Облысқа тартылатын инвестиция көлемін арттыру үшін инвесторларға жағдай жасауымыз керек. Әрдайым инвесторларға инвестициялық преференцияларды насихаттап, инвестициялық жеңілдіктерді қолдану үшін көмек көрсетіп отырамыз. Бұдан бөлек облысымыздағы кен орындарын анықтап, жаңартылған энергия көздеріне қажетті жаңа жобалар дайындап, туризм және ауыл шаруашылығына талап ететін инвестициялық жобаларды болашақ инвесторлар назарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшілігіне ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы жолдап отырамыз. Ортақ мүдделерге қол жеткізу барысында біршама шетелдік компаниялармен әріптестік орнатылып, алдағы жылдарға жүзеге асырылуы жоспарланған ірі жобаларымыз бар. 2022-2025 жылдары жалпы құны 2 триллион теңгеге 75 инвестициялық жобаның тиімді іске асуына күш салудамыз. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін құны 1,67 триллион теңгені құрайтын 11 жоба шетелдік әріптестер арқылы жүзеге асырылады. Мұнда 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделген. Биылғы жылы біршама инвестициялық жобалар құрылыс жұмыстары мен жобалау (проектирование) жұмыстарын бастайды. Олар – «Еврохим» ЖШС, «Қазақ сода» ЖШС, «Монтерра Қазақстан» ЖШС, «Корцем» ЖШС, «ТБ Аллойс Казах лимитед» ЖШС, «Шағала майнинг» ЖШС. 2022 жылы құны 100,5 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1 011 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Оның ішінде индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы жалпы құны 56 миллиард теңгеге 7 жобаны қолға алып, олардың уақтылы іске асуына күш салудамыз. Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақ тиімді жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда құны 68 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылуда. Бұдан бөлек 14 инвестициялық жобаны 30,5 гектар жерге орналастыру үшін құжаттары рәсімделуде. Индустриалды аймақ инфрақұрылымын жүргізу үшін техникалық экономикалық негіздемесі мемлекеттік сараптамадан өтуде. Осылайша бірқатар жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындары мен жаңа өндірістерді ашу мақсат етіліп отыр.

Аспандияр СЕЙСЕБАЕВ, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар