Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде қазір АИ-92, АИ-95 маркалы бензинінің жарты айлық қоры қалды

Елімізде қазір АИ-92, АИ-95 маркалы бензинінің жарты айлық қоры қалды
ашық дереккөз
Елімізде қазір АИ-92, АИ-95 маркалы бензинінің жарты айлық қоры қалды
Энергетика министрлігі АИ-92 және АИ-95 маркалы бензиндері бойынша қазіргі жағдай туралы мәлімдеме жасады. Министрлік мәліметінше, қазір Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимінде жұмыс істеп, АИ-92, АИ-95 автобензиндерін және өтінімдер болған кезде АИ-98 автобензиндерін өндіріп жатыр.
Мұнай базаларындағы, жолдағы, МӨЗ-дегі және АИ-95 «премиалды» автобензинінің импорты көлемдерінің жиынтық қоры – 36,5 мың тонна (елдің 12 күндік қажеттілігі) және АИ-92 – 257,1 мың тонна (18 күн). Айта кетейік, АИ-92 автобензинінің шекті бағасы бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты 205 теңге/литрден аспауға тиіс. АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының «пистолетінен» шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік АИ-95+ автобензиніне демалыс кезеңін және сұраныстың артуын ескере отырып, жанармай құю станциясының ірі желілеріне (QazaqOil, Helios, Sinooil, Газпромнефть, Gasenergy) импорттау мүмкіндігін түсіндірді.
Павлодар облысына келетін болсақ, АЖҚС ірі желілері бойынша (QazaqOil, Helios, Sinooil, ГазПром, GasEnergy) еркін сатылатын отын, жазғы демалыс кезеңіне және тұтынудың артуына байланысты шектеулер болуы мүмкін. 2023 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында мұнай базаларында және жолда 0,8 мың тонна немесе 8 тәулікке жететін АИ-95, 4,1 мың тонна немесе 9 тәулікке жететін АИ-92 көлемдері бар, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Жоспарлы алдын алу, жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар мұнай өңдеу зауытының іске қосылуын ескере отырып, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаятын болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар