ЖУАЛЫДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН алды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов былтыр Жуалы ауданының жұртшылығымен жүздескенде тұрғындар көпқабатты үйлер салу жайын көтерген болатын. Мәселе көп ұзамай-ақ оң шешімін таба бастады.
Өткен жылы ауданда 18 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген болатын. Осы жылы игі іс жалғасын тауып, мамыр айында тағы да үш қабатты, 18 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тұрғын үйдің жалпы сметалық құны 276 миллион теңге болатын. Алайда мемлекеттік сатып алу ашық конкурсының нәтижесімен «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі құрылыс жобасын 260 миллион теңгеге ұтып алып, жұмыс жүргізіп жатыр. Қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.
Мердігермен жасалған келісімшарт бойынша, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы керек.
«Бином» ЖШС қолға алған тұрғын үйдің құрылысы бүгінде қарқын алған. Құрылысшылар жұмысты уақытынан бұрын, яғни қазан айының соңына дейін аяқтауды көздеп
отыр.
Баспана сырты панельді материалдармен қапталуда. Құрылыс алаңында қазір 12 адам жұмыс істеп жүр. Үш техника бар.
Тұрғын үй құрылысы аяқталған соң үй ең алдымен әлеуметтік осал топқа енетін отбасылар мен кезекте тұрған азаматтарға
беріледі.
«AR-AI»-ақпарат
Келесі мақала