Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАЗДА ЖИҺАЗ САУДАСЫ ҚЫЗЫП ТҰР

ЖАЗДА ЖИҺАЗ САУДАСЫ ҚЫЗЫП ТҰР
ашық дереккөз
ЖАЗДА ЖИҺАЗ САУДАСЫ ҚЫЗЫП ТҰР
Жиһаз өндірісі – бизнестің ең табысты саласы. Әрі сұраныс жоғары. Әсіресе жаз мезгілінде той көп болғандықтан, үй жабдықтарының ішінде диван, кресло, төсек орын, жатын бөлме жиһазына сұраныс көп екен. Жиһаз кеңсеге келбет, үйге сән береді. Бүгінде үйді де, кеңсені де онсыз елестету мүмкін емес. Әр үйден табылатын жиһаздың сан түрі жинақылық үшін таптырмас дүние. Тараз қаласындағы «Несібелі» жиһаз салоны 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмыс істеп келеді. Дүкеннің негізін қалаған – Жұмабек Егембердиев. Жиһаз салонына кіріп барсаңыз қонақ күтетін үстелден бастап, ас бөлме жиһазының түр-түрі, дивандардар, пуфиктер, орындықтар, жұмыс үстелдері, кіреберіске арналған жиһаздар самсып тұр. Тұрмысқа қажеттінің бәрін табуға болады. Дүкен атауы немере қызы Несібелінің есіміне байланысты қойылыпты. Кәсібіміз нәсіпті болсын деп ырымдаған әкенің жолын бүгінде қызы Ләззат Егембердиева жалғастырып келеді. – Халықтың сұранысына сай жұмсақ жиһаз көбірек өтеді. Біз жиһаздарды қолдан жасамаймыз. Өндіруші емеспіз. Тек алып, сатамыз. Шетелден келген тауарды тапсырыс берушілерге сатамыз. Негізі сауданың қызуы маусымға байланысты. Өтпейтін тауар жоқ. Қол секілді әрленген әртүрлі пуфиктер жақсы өтеді. Тауарлар Белоруссиядан, Түркиядан келеді. Тұтынушылардың сұранысы да әр қилы. Трансформер жиһаз сұрайтындар, ас үй жабдықтарын креативті түрде жасауды қалайтындар да жетерлік. Отырсаң диван, жатсаң төсекке айналатын жиһаздарға да сұраныс жоғары. Өзіміздің отандық өндірушілерді де қолдап, олардың да бұйымдарын сатамыз, – дейді Ләззат Жұмабекқызы. Мұнда тұтынушылар өзіне ұнайтын жиһазды несиеге рәсімдей алады. Дүкенге келушілер үшін жиһаздың 100-ден астам түрін таңдауға мүмкіндік бар. – Әкемнің аты өшпесін деп інім екеуіміз жиһаз саудасын дамытып жатырмыз. Біз жиһаздың сапасына үлкен мән береміз. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін және сертификаты бар өнімдерді әкелуге тырысамыз. Болашақта жиһаз шығаратын өз шеберханамызды ашуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты жұмыс орындарының санын көбейтуге мүмкіндік аламыз. Жиһаздарды басқа қалаларға да жеткізіп береміз. Жиһазға көтерме бағамен тапсырыс береміз және бағаны қымбаттатпауға тырысамыз, – дейді кәсіпкер. «Несібелі» сауда үйінде табиғи интерьерге сай ыңғайлы жиһаздар көп екен. Классикалық, прованс стилі дейсіз бе, әр жанның қалауынша іздегеніңізді табасыз. Арнайы кеңесшілер де бар. Керегіңізді тауып, талғамыңызға сай етіп таңдап бере алады.

Э.Тілеубердіқызы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар