ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДАН ҚАНЖЫҒАМЫЗ БОС ҚАЙТПАДЫ
Астанада былтырдан бастап дәстүрлі турнирге айналған бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы ІІ халықаралық «Елорда кубогы» аяқталды.
Елорданың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бокс бәсекесі Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде өтті. Биылғы додада әлемнің 10 елінен келген 200-ден аса былғары қолғап шебері бақ сынады. Ал Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты.
Халықаралық турнирге Жамбыл облысынан 4 боксшы қатысып, сәтті өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап өтер болсақ, 67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елнұр Сүйінбай мен 74 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Диас Молжігітов күміс жүлдемен күптелді. Сонымен қатар 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әйгерім Сәттібаеваға да халықаралық турнирдің күміс жүлдесі бұйырды. Ал Бейбарыс Жексен (67 келі) жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.
Келесі мақала