Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дзюдошылар есірткіге қарсы

Дзюдошылар есірткіге қарсы
ашық дереккөз
Дзюдошылар есірткіге қарсы
Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №3 олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошыларымен нашақорлықтың өскелең ұрпақ арасында таралу проблемасын талқылады. Полиция мен спортшылар әртүрлі құқықбұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік мәселелерін және тыйым салынған заттарды қолданудан жастардың денсаулығына келетін кері әсерін қарастырды. – Жас спортшылар жаман әдеттердің көмегімен емес, спортпен шұғылдану арқылы өмірдегі қиындықтарды қалай жеңуге болатынын біледі. Олар нашақорлықпен күресуге өз үлестерін қосуға қуанышты. Өйткені олардың үлгісі басқа балаларды дамуға, армандарын орындауға, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады, – деп атап өтті облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев. Жыл сайын 26 маусымда аталып өтетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған осындай кездесулер көптеген спорт нысандарында өткізіледі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар