АЙТЫСКЕРЛЕР ЕНШІСІНДЕ – АЛТЫН МЕДАЛЬ
Түркістан облысының Төле би ауданында облыстың 5 жылдығы және Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай айтыскерлер арасында кіші футболдан «Шаршы алаңда шайырлар» атты республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің көптеген облысынан және Астана қаласынан бірнеше команда қатысып, бағын сынады.
Аталған турнирде облыстық «Aq jol» газетінің тілшісі, ақын Есет Досалы жамбылдық айтыскерлер командасының капитаны болды. Топ құрамында Әсет Дүйсебаев, Нұрлыбек Құрманов, Рай Дөңбай, Дидар Апбасов, Төлеби Тәңірберген, Оңғар Қабден өнер көрсетті.
Жамбылдықтар әуелі Шымкент қаласының құрамасын 2:1, астаналық «Допжарған» командасын 2:1 есебімен ұтты. Онан соң қызылордалық «Сыр елі» құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Соңғы ойында Түркістан облысының «Түркістан» құрамасын 4:0 есебімен ұтты.
Осылайша жамбылдық айтыскерлер алтыннан алқа тағынып, чемпион атанды. Турнирді айтыс ақындары мен жыршы, термешілер халықаралық одағы Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалы және Түркістан облысы Төле би ауданы әкімдігі үлкен үлес қосты.
Тахмина ӘШІРБАЙ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті
Келесі мақала