Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАМБЫЛДЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ЖАМБЫЛДЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛДЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ
Елімізде мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ретінде идеология саласын атап өтпеуге болмайды. Ал оны жүзеге асырудың құралы – қаламгерлерге қолдау көрсету. Олар ел тарихын түгендеп, арғы-бергі мәдениетімізді кейінгі ұрпаққа жеткізушілер және біздің халықтық сауатымыз бен білімімізді көтерушілер. Әрине, мұндайда оларды мемлекет тарапынан қолдау маңызды. Алайда қазіргі таңда бұл бағытта істеліп жатқан жұмыстар аз емес. Оның бір дәлелі ретінде елімізде жыл сайын өткізіліп келе жатқан түрлі деңгейдегі мүшәйралар мен конкурстарды атауға болады. Енді міне, облыс әкімінің бастамасымен өз өңірімізде де әдебиетке деген қолдау жанданды. – Өткен жылдың соңында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов әулиеаталық ақын-жазушылармен кездесуі кезінде жергілікті қаламгерлердің кітаптарын шығарып беретінін айтқан болатын. Міне, сол уәде жүзеге асып, биыл жамбылдық бірнеше ақын-жазушының кітаптары облыс әкімінің қолдауымен жарық көргелі отыр. Жергілікті қаламгерлерді қолдау мақсатында шығармаларын басып шығару, тарату және насихаттаудың Ережесі облыс әкімдігінің, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ресми сайттарында және интернет-порталдарда жарияланды. Аталған конкурсқа ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптейтін поэзия, проза, драматургия, әдеби сын, балалар әдебиеті бойынша ғана шығармалар қабылданатын болады, – дейді Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы, ақын Хамит Есаман. Айта кету керек, белгіленген Ережеге сәйкес әрбір автор баспадан шығаратын кітабының электрондық нұсқасын 20 шілде мен 20 тамыз аралығында облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына тапсыруы керек. Шығармаларды облыстың ақын-жазушыларын қолдау мақсатында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының арнайы комиссиясы саралап, сараптаудан өткізетін болады. Комиссия шешімінен өткен авторлардың туындылары кітап түрінде сатып алу үшін облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына ұсынылады. Одан кейін оны аталған мекеме кітап қылып басып шығарып, кітапханаларға таратады. Ал әр автор бір ғана кітабын ұсына алады және оның көлемі 100 беттен кем емес, 300-ден көп емес болуы тиіс. Әрі ұсынылған кітаптарда кісінің жеке басына, ар-намысына нұқсан келтіретін, ұлтараздықты ушықтыратын, теріс әрекеттерді насихаттайтын элементтер болмауы керек. Өзге де қосымша ақпаратпен ұйымдастырушы мекемелердің әлеуметтік желідегі парақшаларынан танысуға болады.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар