Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІ
ашық дереккөз
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИГІЛІГІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін кәсіпкерлікті дамыту керектігін атап көрсетті. Осы бағытта мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар да аз емес. Орта және шағын бизнестің дамуына қолдау ретінде түрлі бағдарламалар іске қосылып, ел тұрғындары игілігін көруде. Соның бірі – «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстары жыл басынан бері қарқынды ұйымдастырылып келеді. Жоба бойынша бір айлық оқуды тәмамдап, қолына алған қаржысына бес асылтұқымды занен сауынды ешкісін сатып алған Жамбыл ауданының Аса ауылының тұрғыны Нұрила Исабекова бұл күнде ешкісін түлетіп, мал басын көбейтіп отыр. – «Бизнес Бастау» жобасы кәсіппен айналысамын деген жұмыссыз адамдарға арналған өте пайдалы әрі тиімді жоба екен. Жоба бойынша бір ай оқып, білікті бизнес-тренерлерден тәлім алып, бизнес-жоспарды қалай жазу керектігін үйрендім. Оқу курсы аяқталған соң қолыма сертификат алдым. Одан кейін бизнес-жоспарымды сәтті қорғап, 583400 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант ұтып алдым. Сол кезде қолдау білдіріп, барынша көмектескен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бүгінде мемлекеттік бағдарлама арқылы берілген көмектің арқасында кәсібімді дөңгелетіп отырмын. Қазір он бес сауынды ешкімнің сүті, май-құрты ел-жұрт ішінде үлкен сұранысқа ие. Басты тұтынушыларым – ауылдастарым. Кейде көршілерімнен артылмай қалады. Қаладан да тапсырыс берушілердің қатары күн санап артып келеді. Сүттің бір литрі – 500 теңге. Төлі, яғни лақтары 25 000 теңге тұрады. Бүгінге дейін 12 лақтың бесеуі сатылып кетті. Кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы мен талабы бар кез келген адам мақсатына жетеді. 21 күндік курс кезінде осыны ұғындым. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың елге берері көп екенін түсіндім. Тек бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ерінбей еңбек ете беру керек, – деді бізбен болған әңгімесінде мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырған Нұрила Әбенқызы. Ежелден мал бағып, бақытын атакәсіптен тапқан халқымыз ешкіні төрт түліктің қатарына қоспаса да қадірін жақсы білген. Себебі ешкі қойға қарағанда тез көбейеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Сондықтан тың кәсіпті игеріп отырған шаруаға сәттілік тілейміз! Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар