Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Зербұлақ демалыс орны ресми түрде ашылды

Зербұлақ демалыс орны ресми түрде ашылды
ашық дереккөз
Зербұлақ демалыс орны ресми түрде ашылды
1 шілде күні «Зербұлақ» демалыс орны ресми түрде ашылды. Ашылу салатанатында адам қарасы көп болды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов кешен директоры Айбек Оршубековпен бірге ауқымды нысанның лентасын қиып, аралап көрді.​Кіру құны үлкендерге 5000 теңге. Екі жасқа дейінгі балалар тегін кіреді. 2 жастан 13 жасқа дейінгі балаларға билет құны – 4000 теңге. Жұмыс уақыты күндізгі сағат 10-00 ден кешкі 20-00 ге дейін. Мұнда 40 шақты жаңа жұмыс орны ашылған. Үш жеңіл тамақтану орындары, бір ресторан, 14 түрлі әткеншек, толқынды бассейн бар. Аквопарктегі әткеншектердің барлығы Туркиядан әкелінген. Зербұлаққа күніне 4 мың адам келеді деп жоспарлануда. Билетті «ZER»мобильді қосымшасы арқылы да алдын ала алуға болады екен. Аквапаркке келген бетте кюарды сканерлеу арқылы ішке енесіз. Кірген бетте душ қабылдау міндетті. Бұл жайлы туып өскен жеріне қайта келіп, аквапарктің негізін қалаушы үш инвестордың бірі кәсіпкер Айбек Оршубеков айтты. -«Туған жерге туыңды тік» демекші туған жерім Таразыма осылай инвестиция құйып, «Зербұлақ» аквапаркін ашып жатырмыз. Бұл инвестор үш азаматтың туған жерге деген сыйы. Толқын тербелісі бар және сырғанауға арналған және дренажды бассейндер қойдық. Жиырма шақты адам жұмыспен қамтылып отыр.   Кешенді іске асыру облысымыздың имджін көтереді деп сенеміз. Арасында жетім және мүгедек балаларға, көп балалы отбасыларға жеңілдік қарастырып тұрамыз. Уақытқа шектеу жоқ. Азанда кіріп тұрғындар кешке дейін жүре алады., - деді ол. Бүгінде ескі Комсомол көлі» аталып кеткен Зербұлақ демалыс аймағы жаңарған, жасарған. Мұнда  ең әуелі тұрғындардың жайлы демалуына бар жағдай жасалған. Жаңа кешен төрт аймақтан тұрады. Онда көлдің көз тартатын тамаша жағажайы, қайықтар мен катамарандарды жалға беруге арналған орын, пирспен қамтылған орталық аллея, балық аулауға арналған аймақпен қоса жақын маңнан спорт алаңшалары бар. Бұдан бөлек, балаларға арналған ойын алаңдары және қарттардың жайлы демалуына қолайлы орындар қарастырылған.

ЭЛЬМИРА БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар