Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖЕРЛЕСІМІЗ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

ЖЕРЛЕСІМІЗ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
ашық дереккөз
ЖЕРЛЕСІМІЗ СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
2 сәуірде Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында жазғы Сурдлимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 3 500 спортшы спорттың жиырма бір түрінен бақ сынайды. Есту мүшесі зақымданған спортшылар арасында өтетін Олимпиадада Қазақстан атынан 65 спортшы спорттың тоғыз түрінен (үстел теннисі, жүзу, каратэ-до, таэквандо, дзюдо, жеңіл атлетика, грек-рим, еркін күрес және бадминтон) ел намысын қорғайды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Тараз қаласындағы дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 13 спортшы 6 спорт түрінен жүлдеге таласатын болады. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, мүддесі биік ел спортшылары Сурдлимпиаданың алғашқы күндері-ақ қоржынымызға алғашқы жүлдені салды. Атап өтер болсақ, дзюдодан 48 кило салмақта татамиге көтерілген жамбылдық Кара Оглы Фериде қола жүлдегер атанды. Cонымен қатар тағы бір жамбылдық дзодошы Эвелина Егембердиева 57 келіде 5 орынға табан тіреді. Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен бұрымды балуанның жеке бапкері – Лукманов Хайрулла. Сондай-ақ төртжылдықтың басты додасында Жамбыл облысынан Анна Краморова (78 кило) және Айдос Түгелбаев (81 кило) жүлдеге таласатын болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар