"Қазақстан 1998 жылы азаптауға қарсы конвенцияны ратификациялады және бұл құбылысты жоюға ұмтылуда. Конвенция ережелерін орындау Қазақстандағы құқықтық қорғау институттарын одан әрі дамыту жолында түбегейлі маңызды бағдар болып табылады", делінген хабарламада.2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаптау істері бойынша тергеу прокуратура органдарына бекітілді. Азаптау және қатыгездік субъектілерінің тізіміне жаңа субъект қосылды-бұл "ресми қызмет атқаратын тұлға". Азаптаулар жасағаны үшін жаза 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюымен қатаңдатылды. Қазір азаптағаны үшін сотталғандарға қатысты шартты түрде соттау қолданыла алмайды. Бұл адамдарға рақымшылық және ескіру мерзімі қолданылмайды. Олардың жәбірленушімен татуласуы да қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Азаптаудан зардап шеккен адамның құқықтық көмегін алу және әлеуметтік, медициналық және психологиялық қызметтерге қол жеткізу құқығы қамтамасыз етіледі. Ол үшін еліміздің барлық өңірлерінде дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Жәбірленушілерге өтемақы қоры жұмыс істейді. Өтемақы, оның ішінде азаптау, адам саудасы және басқа да түрлер бойынша танылған жәбірленушілерге төленеді. Президенттің жаппай бейнебақылау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық мекемелерде 6159 көрінбейтін аймақ және 937 ақауы бар бейнебақылау камерасы анықталды.
Бүгін - Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні
Бұл туралы Arainfo.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды
1997 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 26 маусымды азаптау құрбандарын қолдау үшін БҰҰ-ның халықаралық күні деп жариялады.