Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол

Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол
ашық дереккөз
Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол

Бүгін «Інжу Маржан» мейрамханасында «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Адам Жүсіпті «Мәшһүр» қылған адамдық жол» атты бес томдық таңдамалы шығармалар жинағының салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Аталған бес томдық таңдамалы шығармалар жинағы «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асановтың бастамасымен Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының құрастыруымен шығарылған. Онда аңызға айналған тұлғаның ұлағатты өмірі мен артына қалдырған ақыл-ойға толы шығармалары топтастырылған.

Мәшһүр Жүсіптің кітабының қайта түлеуі, жаңа мазмұнда жарыққа шығуы – ұлттық болмысымызбен рухымыздың қайта оянуының бірден-бір көрінісі.

Біз Мәшһүр Жүсіпті дәріптеу арқылы бүгінгі заманның жастарына даналықтың не екенін, ұлтты сүюдің және ел үшін еңбек етудің не екенін толық үғындыра аламыз. Әрі осындай бірегей тұлғаның шығармашылығы арқылы біз өз ұлтымызды көрегендікке, кеңпейілділікке, әділдікке, жаңашылдыққа тәрбиелей аламыз. Бұл бағытта істеліп жатқан жұмыстар аз емес. Еліміздің рухани, әдеби дамуында біздің «Сенімен Болашақ» атты бірлестігіміздің қосып жүрген үлесі зор. Бұл бірлестіктің де басты мақсаты ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұрпақтарымыздың бойына қазақи мінез бен көзқарасты сіңіру. Ал қазақи болмыс осындай тұлғаларды шынайы тану арқылы қалыптасады,–деді «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының басшысы Дәурен Бағжанов.

Іс-шараға өңірдегі университет ұстаздары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Соңында «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, насихаттау және қазақстандықтардың жас ұрпағын мәдени-рухани тәрбиелеу мақсатында тараптар өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар