Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады

Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады
ашық дереккөз
Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 218 мыңға жуық тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. ҰБТ басталғалы шекті балды 78% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137. «ҰБТ-ның бесінші аптасы аяқталды. Осы аптада жоо қабылдау комиссиясы өз жұмыстарын бастап, 25 тамызға дейін оқуға түсуге құжаттарды қабылдайды. Сондай-ақ, «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтауға» түсушілер үшін міндетті болып табылатын емтихандар басталды. Жоо-лар 7 шілдеге дейін шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініштерді қабылдап, емтихандардың өзін 8-15 шілде аралығында өткізеді. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар