Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қауіпсіздік талаптары қаперден шықпауы керек

Қауіпсіздік талаптары қаперден шықпауы керек
ашық дереккөз
Қауіпсіздік талаптары қаперден шықпауы керек
«Апат айтып келмейді». Дегенмен қандай сәтте де қауіпсіздік шараларын қаперден шығармаған абзал. Бұл тұрғыда жойқын жер сілкінісі кесірінен туындаған және туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызы зор. Осы орайда таяуда «Тараз қаласы аумағындағы жойқын жер сілкінісі кезіндегі басқару органдарының, авариялық құтқару қызметтері күштерінің іс-қимылдары» тақырыбы бойынша жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу барысында, ең әуелі, Тараз қаласындағы білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік объектілерінің алда-жалда жер сілкінісі қаупі туындаған кездегі іс-әрекеттері пысықталды. Мұнан соң Тараз қаласы аумағындағы жойқын жер сілкінісі кезіндегі басқару органдарының, авариялық құтқару қызметтері күштерінің іс-қимылдары мәселелері бойынша практикалық іс-шара өткізілді. Оқу-жаттығу барысында ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі туындаған кездегі авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге, түрлі жарақат алу, электр тоғының соғуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуге қатысты практикалық іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ «Баршаның назарына!» дабыл сигналы бойынша қала аумағындағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды. Ақтоты Бекенқызы  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар