Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Зейнетақы қоры ақшаны доллармен жинауды көбейтеді

Зейнетақы қоры ақшаны доллармен жинауды көбейтеді
ашық дереккөз
Зейнетақы қоры ақшаны доллармен жинауды көбейтеді
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер еткен факторлар мен валюта нарығындағы операциялар туралы айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. Биыл мамырда теңгенің айырбастау бағамының динамикасына көбінесе ішкі факторлар әсер еткен.
Мамыр «салық айы» болып саналады. Сондықтан экспорттаушылардың тоқсандық салық төлемдерін төлеу үшін валюталық түсімді конвертациялауы бағамның бір айда бір доллар үшін 447,71 теңгеге дейін яғни 1,2%-ға нығаюына айтарлықтай әсерін тигізді. Сондай-ақ мамырда теңге бағамы әртүрлі динамиканы көрсетті, - деді Әлия Молдабекова.
Оның айутынша, трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан валютаны сату көлемі 800 млн доллар болып тіркелген. Маусымда сату көлемі азайып, шамамен 500-550 млн доллары болады. Сонымен қатар зейнетақы қоры ақшаны доллармен жинауды көбейткен.
БЖЗҚ-ның валюталық үлесті қолдау аясында валютаны сатып алу бойынша операциялары 240 млн доллар болды. Маусымда 200 млн доллардан 250 млн долларға дейін валюта сатып алынады, - деді төрағаның орынбасары.
Ол мамырда Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізбегенін атап өтті. «Квазимемлекеттік сектор субъектілері өз кезегінде валюталық түсімнің бір бөлігін ішкі нарықта сатуды жалғастырып жатыр. Міндетті сату көлемі мамырда 323 млн доллар болды», - деді Молдабекова.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар