ТШО өнертапқыштары Таразда
Бүгін Тараз қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық-шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысының алғашқы күні өтті.
Жарыстың мақсаты - балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Аталмыш сайыстың алғашқы күні кеме модельдері және зымыран модельдері түрлері бойынша Үш-Бұлақ станциясы мен Жеңіс саябағында өтті. Жарысқа бас аяғы әр өңірден 180 білім алушы қатысуда.
Жарыстың қалған бөлігі 10 маусымда ТШО мен №30 мектеп гимназияда радиомен басқарылатын көлік модельдері және тікелей жүретін авторассалық модельдер түрлері бойынша өткізілмек.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті Әуесбек Анар
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Қазақстандық студент халықаралық BRICS чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- авторAR-AY
- 17 желтоқсан, 2025
Білім
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 91 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
- авторAR-AY
- 8 желтоқсан, 2025




