ЖАҢА ТЕХНИКА – ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ
Сарысу ауданында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауылшаруашылығы кооперативіне 3 трактор, 7 қосалқы техника алынды.
Аталған жобаның 2 кезеңі Жайылма ауылдық округінде іске асырылуда. Округте 573 аула, 3 814 адам бар. Жоба аясында жалпы сомасы 925 миллион теңгеге 514 ауланы қамту көзделген. Қазіргі таңда «Nurtileu» ауылшаруашылығы кооперативіне 3 трактор және 7 қосалқы техника жеткізілді. Алдағы уақытта шаруашылыққа 1 комбайн және 9 қосалқы техника жеткізілетін болады.
Сарысу ауданында кооперативті жабдықтауға 20 ауылшаруашылық техникасын алу жоспарланған. Олардың ішінде 3 трактор, 1 тіркеме комбайн және 16 қосалқы құрылғы бар.
Еске сала кетейік, ауылды жердің шаруашылығын дамыту мақсатында әзірленген «Ауыл аманаты» жобасы 5 бағыт бойынша іске асырылуда. І бағыт – үй іргесінде егістік жерлерді игеру, ІІ бағыт – ауладағы малшаруашылығын дамыту, ІІІ бағыт – ауыл сыртындағы егістік жерлерді игеру, ІV бағыт – құрылған кооперативті жабдықтау, ал V бағыт бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін халыққа 2,5 пайызбен несие беріліп жатыр.
Келесі мақала