
«Дикий Арман» 7 тамызға дейін қамауда болады
Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 5 маусымда сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды.
Соған байланысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін 2 айға дейін, яғни 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция берілді.Айта кетейік, Арман Жұмагелдиев 2022 жылғы қаңтарда Алматыда ұсталды. Сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде оның ҰҚК-дегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегені белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Көк кит» фильмі: прокуратура қолдауымен түсірілген туынды прокатқа шықты
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Енді картаңызды басқа адамға берсеңіз, 7 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025