Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейліктің тірегі

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейліктің тірегі
ашық дереккөз
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейліктің тірегі
4 маусым - Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мемлекеттік рә­міздер күні. Жалпы, Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.  width= Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет еліміздің маңызды конституциялық нормаларына сәйкес жүзеге асырылатыны анық. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекеменің басшы және жеке құрам қызметкерлері осынау маңызды мереке қарсаңында сап түзеп, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті. Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев ұлттық рәміздеріміз ұлттың бірегейлігі мен ұлылығын көрсететінін атап өтті. - Ту, Елтаңба және Әнұран сынды ұлттың айшықты таңбаларының қабылдануы – дүниежүзінде Қазақстан дейтін мемлекет бар екендігінің көрінісі. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, қасиетін білу, оны жүрекке тоқу – отансүйгіштіктің белгісі. Еліміздің жастары, өскелең ұрпақ патриот болсын десек, олардың бойына жастайынан осындай ұғымды сіңіруіміз қажет, – деді Нұржан Қайратұлы. Айта кетейік, бұл күні бүкіл ел бойынша бір мезетте Әнұран шырқалып, Тәуелсіздік туы бейбіт аспанда желбіреді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар