ҚАЖ қызметкерлері қос бүлдіршінді қуантты
1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекеменің
қызметкерлері бірқатар бүлдіршінге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары облыс орталығындағы қайраткер Қабылбек Сарымолдаев атындағы балалар үйіне арнайы барып, ондағы тәрбиеленушілердің қуанышын бөлісті.
- Бұл күн балалардың құқығын қорғап, қамқорлық танытып қана қоймай, оларға ерекше қуаныш сыйлайтын мейрам. Жалпы, балаларға көңіл бөлу олардың өзін-өзі құрметтеуге, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және жеке тұлға ретінде дамуына өз септігін тигізері сөзсіз, - дейді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.
Айта кетейік, дәл осы №26 мекеменің қызметкерлері аталған балалар үйіндегі қос бүлдіршінді қамқорлықтарына алған. Балалар күніне орай бүлдіршіндерге киім-кешек, ойыншық пен тәттілер үлестірілді.