Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Таразда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
ашық дереккөз
Таразда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі zakon.kz интернет-басылымымен, “Параграф” ақпараттық жүйесімен бірлесіп Тараз қаласында тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде мамандар 100-ден астам азаматқа кеңес беріп үлгерді. Акцияға облыстың кәсіби заңгерлері мен адвокаттары, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қолдау көрсетті. «MART» сауда орталығының алаңында сағат 16:00-18:00 аралығында азаматтар сан алуан мәселелерімен жүгінді. Сарапшылар неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, қылмыстық, еңбек, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді. Ең күрделі міндеттер прокуратура, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшыларына жүктеліп, олардың жеке бақылауына алынды. «Халықтың құқықтық сауаттылығы мен жалпы білім деңгейі артып келеді. Бірақ көп жағдайда азаматтардың өз құқықтарын білмейтінін мойындауымыз керек. Осыған байланысты халыққа құқықтық көмек көрсету үшін осындай шаралар қажет. Бұл акция бүгін еліміздің барлық қалаларында өтті. Мемлекеттік органдар мен заңгерлер тұрғындардың мәселелері бойынша толық құқықтық қолдау көрсетеді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев. «Мен жыл сайын осы акцияға қатысамын. Мен үшін мұндай іс-шараларға қатысу, ең алдымен, адамдарға көмектесу мүмкіндігі, ал іс жүзінде біз өз білімімізді жетілдіреміз.Екі сағаттың ішінде маған заңгерлік кеңес алу үшін 5 азамат жүгінді», – деді Жамбыл облысы бойынша заң кеңесшілері палатасының заң кеңесшісі Қанат Бегалиев. «Мен акция туралы блогердің жариялауының арқасында білдім, ол өте пайдалы болды. Маған мүлікті бөлу бойынша заңгерлік кеңес керек болды. Барлығын сауатты түрде түсіндірді, әдетте жақсы заңгерлермен кеңесу көп ақшаны талап етеді. Үлкен алғысымды білдіремін», – дейді Тараз қаласының тұрғыны Айгүл Амантаева.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар