Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Газет оқырманымен ғұмырлы

Газет оқырманымен ғұмырлы
ашық дереккөз
Газет оқырманымен ғұмырлы
Қоғамда «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегенді жиі айтамыз. Ал газетті дәл осы сипатқа сай ету газет редакциясының әрбір қызметкеріне тікелей байланысты. «Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол бағамдап берген бұл ұстаным аймақтың жылнамашысына айналған ата басылымдардың айнымас темірқазығы бола білді. Бұған дәлел – сарғайған газет парақтары, тәуелсіздік жылдарынан кейін түрлене түскен басылымдардың бүгінгі бет-бейнесі. 
Жамбыл облысындағы «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Aq jol», «Ar-ai» «Знамя труда» газеттері бүгінде оқырманның көңіл биігінен орын алған басылымдар қатарында. Әрбір тұрғынның өтініші, талап-тілегі газет бетінде басылып, тіпті шешілу жолына да атсалысып жатқаны рас.
Жамбыл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының қабылдауында болды. Жиынға ауылдық округ әкімдері мен бірқатар бөлім басшысы да қатысты.
Жиында серіктестіктің бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев ЖШС-ның құрамындағы облыстық газеттер жайлы айта келіп, басылымға жазылған мұғалімдер мен бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жеңілдіктер барын айта кетті. Яғни газетке жазылғандығы туралы түбіртекпен келген оқырманның жұмысы жайлы мақаласы бір рет тегін жарияланатындығын, сондай-ақ қазақ баспасөзіне деген көзқарас, сайып келгенде, қазақ руханиятына деген көзқарас екенін,  сондықтан ұрпағының келешегін ойлайтын ата-ана, басшы, азамат бұл мәселеге жете мән беруі керектігін жеткізді.
Ал Ерназар ауылдық округінің әкімі Ержан Жолбай мақаланың қандай жағдайда ақылы болатынын сұраса, Гродиково ауылдық округі әкімінің орынбасары Рахматулла Исаев басылымға ылғи қолдау білдіретінін айтып, облыстық газеттер ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде әлеуметтік желіде балалардың санасын улап жатқан бірқатар мәселелерді шектеуге журналистер қауымы атсалысса деген пікірін білдірді. Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі Төрехан Тапжанов мұндай форматтағы жиындар ауылдағы мекеме, ұйым ұжымдарының және тұрғындардың қатысуымен өткізілсе мазмұнды боларын тілге тиек етті.
Жиынды қорытындылаған Ерлан Қыдыралыұлы газет оқу мәдениеті — қашанда талғамы жоғары оқырманның талабы екенін, аймақтың тыныс-тіршілігін тарқата жазуда БАҚ-тың зор үлес қосып жатқанын, баспасөзге жазылу басты назарда болатынын жеткізіп,  барлық бөлім басшылары мен округ әкімдері бұл бастаманы қолдайтындығына сенім білдірді.
Сондай-ақ оқырмандармен кездесу Байзақ ауданында да жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов жиналған көпшілікке бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны туралы айтып өтті. Өз сөзінде «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, осы басылымның шолушысы Амангелді Әбіл, облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы Татьяна Борисенко, облыстық «AR-AI» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбек газеттің жұмыс барысымен және бағытымен таныстырып, көпшілікті басылымға қолдау көрсетуге шақырды.
«AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар