
100 сұрақ қойылған жүздесу
Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жас ұрпақты бақытты балалық шақтан ауылдары алыстаған, өнегемен көрегендікті қатар алып жүрген тұлғалармен таныстыруды көздейтін «Үлкенге 100 сұрақ» жобасын қолға алды. Жақында кітапхана ұжымы осы жоба аясында мәдениет саласында 40 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан өнер жанашыры, ҚР Мәдениет қайраткері, сазгер Дүйсенәлі Бықыбаевпен кездесу өткізді.
Шара барысында кітапхананың 10 жасар тұрақты оқырманы Айбек Нұрай баланың ойында жүретін, өскенде дұрыс жолды нұсқайтын сұрақтар арқылы өміріне қажет кеңестер алды. Балалық шаққа саяхат жасаған Дүйсенәлі Дыбысалыұлы тосыннан қойылған сұрақтарға тосылмай жауап берді. Сазгерлік қиын өнер, оған қажымай-талмай ізденіп, тағдыр берген талантын арнаған адам ғана ойлаған арман-мақсатына жете алатынын тілге тиек етті. Сұхбат соңында қарай «Дала сазы» күйін орындап берді.
Келесі мақала
Мал тұқымын асылдандыру – мол өнімнің кепілі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда тамыз айында еңбек нарығында мұғалімдерге сұраныс күрт артты
- авторAR-AY
- 15 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығатын күн белгілі болды
- авторAR-AY
- 15 қыркүйек, 2025