Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ердоған тағы да президент болып сайланды

Ердоған тағы да президент болып сайланды
ашық дереккөз
Ердоған тағы да президент болып сайланды
Түркияның Жоғары сайлау кеңесі (орталық сайлау комиссиясы) президент сайлауының екінші турының қорытындысын жариялады. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. Учаскелерде 99 пайыздан аса сайлау жәшігі саналды. Дауыс берудің нәтижесінде іс басындағы президент Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,16 пайыз дауысын жинап, қайтадан мемлекет басшысы болып сайланды. Енді ол Түркияны 2028 жылға дейін басқарады. Ал Ердоғанның басты қарсыласы болған  Кемал Кылычтароғлы сайлаушылардың 47,84 пайыз дауысын алды. 14 мамырда өткен сайлаудың бірінші турында кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыз дауыс жинай алмады. Бірінші турда Түркияның іс басындағы президенті Режеп Тайып Ердоған – 49,52%, оппозициялық Халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу – 44,88%, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган – 5,17%, «Отан» партиясының өкілі Мухаррем Индже 0,43% алды. Ердоған осымен тағы да Түркияның президенті болып сайланды. Ол 2014 жылдан бері мемлекет басшысы болып келеді. Бұған дейін ол 1994-1998 жылдары Стамбул қаласының мэрі, 2003-2014 жылдары премьер-министр қызметін атқарды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар