Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері...»

«Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері...»
ашық дереккөз
«Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері...»
Алтайдан Атырауға дейінгі атырапта кең көсіліп жатқан Қазақ елінің қай өңірі де қасиетті. Осынау киелі мекен туралы талай-талай толғаулар түйдек-түйдегімен төгілді, әуезді әндер әуені кернеді. Жүректен шығып, жүрекке жеткен сондай тамаша туындының бірі – композитор, музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Илья Жақановтың «Жайлаукөл кештері» әні. «Гүлдерді тербетіп самалдың ескені, Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері» деп өрілетін ғаламат ғазалдың әсерінің керемет болғаны соншалық, студенттер легінің шалғайдағы Сарысу ауданына, Төменгі Шу бойына ағылғанын жұрт әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары өмірге келген ән әлі күнге дейін сезім қылын шертіп келеді. Өнердің құдіреті деген осы екен-ау дейсің. Міне, сол туындыға арқау болған аймаққа, жыр жолдарымен жалпақ жұртқа танылған Жайлаукөл өңіріне газетіміздің фототілшісі Алтынбек Қартабай Сарысу ауданы әкімдігінің қолдауымен арнайы барып қайтты. Сол сапарда түсірілген кадрларды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Редакциядан

[gallery size="full" columns="1" ids="12442,12441"]
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар