Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

"Жымқырылған" жоқ, тиімсіз жұмсалған

"Жымқырылған" жоқ, тиімсіз жұмсалған
ашық дереккөз
"Жымқырылған" жоқ, тиімсіз жұмсалған
Кейбір ақпарат құралдарында Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынышты «Тараз» футбол клубы мен «Тараз-Арена» мекемесіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижелері барысында 610,4 миллион теңге «жымқырылғаны» туралы ақпараттар пайда болды.  Бұл ақпаратты жуырда өткен облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөнінде тұрақты комиссияның кезекті отырысында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденов баяндаған болатын. Оның айтуынша «Тараз» футбол клубы мен «Тараз-Арена» мекемесі бойынша 610,4 миллион теңгенің тиімсіз жұмсалған. Бұл қаражаттың 576,2 миллион теңгесі «Тараз» футбол командасына тиесілі болған. Осы мәселенің анық-қанығын білу мақсатында Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденовтың өзін сөзге тартқан едік. - Бұл жерде ақпараттың анық қанығына көз жеткізбей кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мәліметтерді бұрмалап жібергенін көріп отырмыз. «Тараз» футбол клубы мен «Тараз-Арена» мекемесіне қатысты сөз қозғалған кезде жоғарыда аталған мекемелерде бюджет қаржысы «жымқырылды» деп емес, «тиімсіз пайдаланылған және жоспарланған» деп айтылған. Ал бұқаралық құралдарында бұл сөздер кесіліп, өңделіп, «тиімсіз» деген сөз «мақсатсыз» және «жымқырылған» деген сөздермен өзгертілген. Әркімнің қабылдауы әртүрлі. Бірақ бір ғана сөздің бұрмалануы ақпараттың бастапқы мазмұнын түбегейлі өзгертіп, ақпарат айдынына айқайлап шығып кетіп отыр. Бұл бұл саланың, дәлірек айтқанда экономистердің тілдік қорын дұрыс түсінбеуден болған қателік болып, орынсыз айыптаулар айтылуда. Сөз қадірін ұғатын қазақ баласы осындайда абай болмаса болмайды, - дейді ол.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар