Жаңалықтар
Президент China National Petroleum Corporation компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
- author AR-AY
- 18 мамыр, 2023
- 205
Президент China National Petroleum Corporation компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы China National Petroleum Corporation компаниясының басқарма төрағасын Дай Хоулянды қабылдады, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастық және мұнай мен газды тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері талқыланды.
Президентке CNPC компаниясының Қазақстан тарапымен өзара іс-әрекеттерді нығайту жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру, Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткізу мүмкіндіктерін күшейту және басқа да мәселелер қарастырылып жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
Келесі мақала