Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талантты балалар Тараздың аспанын ән-күйге бөледі

Талантты балалар Тараздың аспанын ән-күйге бөледі
ашық дереккөз
Талантты балалар Тараздың аспанын ән-күйге бөледі
«Балалар жылы» аясында Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында оқушыларды жетістікке бағыттайтын үйірмелердің шығармашылық есеп беру концерті өтті. Шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бақдәулет Сариев, Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова қатысып, оқушылардың өнерін тамашалады. Концерт «Туған елім, туған жерім», «Халықтар достығы», «Бақытты балдәурен – балалық» атты үш бөлімнен тұрды. «Туған елім, туған жерім» атты алғашқы бөлімде жас өнерпаздар күй тартып, әуелете ән шырқады. Екінші бөлімде хореография үйірмесінің өнерпаздары әр ұлттың биін мың бұрала билеп, көрермендерді тәнті етті. «Бақытты балалық шақ» бөлімінде мектеп оқушыларының орындауында «Анамның ақ жаулығы», «Табиғат», «Біз бақытты баламыз» әндері орындалды. Сонымен бірге «Жастар аллеясында» ашық аспан астында сурет үйірмесінің оқушыларының «Таразым – бақыт мекенім» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, оған 500-ге жуық оқушы атсалысты. Кеш соңында Бақдәулет Жолдасұлы балаларды мерекемен құттықтап, әр қатысушыға қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың арнайы құттықтау хатын тапсырды.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар