Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТҰРҒЫН АЛҚАПТАРДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛУДЕ

ТҰРҒЫН АЛҚАПТАРДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛУДЕ
ашық дереккөз
ТҰРҒЫН АЛҚАПТАРДАҒЫ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛУДЕ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласын аралап, әлеуметтік нысандардың құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Аймақ басшысы алдымен «Победа» массивіндегі су құбырының құрылысын көрді. Жоба бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 109 150 метрді құрайды. Облыс әкімі құрылыс жұмыстары суару жүйесінің жұмысына нұқсан келтірмеуі керектігін баса айтты. Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов «Шөлдала» массивінің тұрғындарымен кездесті. – Тараз қаласының маңындағы массивтердің мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Атап айтсақ, газдандыру жұмыстары жүргізіліп, су құбырлары тартылуда. Ендігі кезекте жолдарды жөндеуге кірісеміз. Электрмен жабдықтау мәселесін шешу үшін 3 қосалқы станса салу жоспарлануда. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында массивте 600 орындық мектеп салынады, – дей келе, облыс әкімі тұрғындарды мәселелерді шешуде жергілікті билікпен бірлесіп әрекет етуге шақырды. Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов 100 орындық №34 «Бақыт» балабақшасына барды. Балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне жобалық-сметалық құжаттаманы сапалы әрі уақытылы дайындау жүктелді. Бұдан кейін облыс әкімі «Шөлдала» тұрғын алқабындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының қызметімен танысты. Жуырда ғана мұнда 8 төсектік күндізгі стационар ашылған. Облыс әкімі алқап тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен 100 пайыз қамтудың маңыздылығын атап өтті. Суқойманы аралау барысында облыс әкімі «Шөлдала», «Құмшағал», «Қызылабад», «Казарма», «Көлтоған», «Жиделі» тұрғын алқаптарына және қала маңындағы 28 саяжайға су құбырларын тарту жобасымен танысты. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Аймақ басшысы «Казарма» тұрғын алқабында салынып жатқан 180 орындық мектептің құрылысын аралап көрді. Облыс әкімі нысан құрылысын оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ бұл тұрғын алқапта денешынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Бұл туралы тұрғындар бұған дейін өтініш білдірген болатын. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нысан 2023 жылдың тамыз айында пайдалануға берілмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар