"Мемлекеттік тіл және БАҚ" облыстық байқауы жарияланды
«Мемлекеттік тіл және БАҚ»облыстық конкурсын өткізу қағидалары жарияланды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
- Жалпы ережелер
- Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау мақсатында әзірленді.
- Конкурсты өткізудің міндеттері:
- Конкурс үш номинациядан тұрады:
- Конкурсқа кәсіби журналистер (штаттағы және штаттан тыс), телевидение және радио, газет, сайт ұжымдары, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде мақалалар жариялаған Жамбыл облысының азаматтары қатыса алады. Қатысушылардан еліміздегі және шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланған (әлеуметтік желілерде үнемі жүйелі түрде қазақ тілінде блог жүргізетіндер, мемлекеттік тілде жарнама жасайтындар, мемлекеттік тілді сауатты жазу мен сөйлеуді насихаттаушылар) мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту жөніндегі мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі материалдар қабылданады. Материалдар аналитикалық талдаулар, ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарына, тіл сауаттылығына негізделуі қажет. Конкурс материалдарында қазақша сөйлеуді ұлттық брендке айналдырудың тиімді жолдары көрсетілгені жөн.
- Конкурс материалдарын бағалау критерийлері:
- Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.
- Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
- Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Конкурстың ұйымдастырушысы.
- Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының интернет-ресурсына орналастырылады.
- Конкурсқа қатысу үшін Конкурс Қағидаларының 3-тармағында көрсетілген үш номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген) tiltaraz_@mail.ru электрондық поштасына, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсына» деген белгімен 2023 жылғы 1 маусымға дейін мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
- Конкурс Қағидаларының 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
- Конкурсқа ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
- Қорытынды ережелер
- Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың үш номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі 2023 жылғы маусым айында Байланыс және ақпарат қызметкерлеріне күніне орай салтанатты түрде өткізіледі.
- Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
- Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының интернет-ресурсына орналастырылады.
- Т.А.Ә. _______________________________________________________
- Жасы ________________________________________________________
- Білімі____________________________________________________
- Қызметі__________________________________________________
- Мекенжайы______________________________________________
- Байланыс телефондары_________________________________________
- Мақала, бағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
- Қосымша ақпарат __________________________________________
Келесі мақала