Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жобаларды жүзеге асыруға кедергі жоқ

Жобаларды жүзеге асыруға кедергі жоқ
ашық дереккөз
Жобаларды жүзеге асыруға кедергі жоқ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кезекті инвестициялық штаб отырысын өткізді. Онда Қордай ауданы әкімі мен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының есебі тыңдалды. Алдымен баяндама жасаған Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың айтуынша, биыл 456 жаңа жұмыс орнын ашу арқылы жалпы құны 32,5 миллиард теңгені құрайтын 118 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, сүт фермасы, құс фабрикасы, макарон цехы, көкөніс қоймасы, этно-туризм орталығының құрылысы. Сондай-ақ қазір ауданда «Monterra Qasaqstan» ЖШС тау-кен металлургиялық комбинатының, «KORCEM» ЖШС цемент зауытының құрылысы жүргізілуде. Ірі жобалардың қатарында жылына 540 тонна құс етін өңдейтін «Eco-Chicken» модульдік құс фабрикасының құрылысы мен жылына 67 тонна өнім беретін «TARAZ EKO FISH» ЖШС бар. Облыс әкімі жаңа жобаларды жүзеге асыру аймағымыз үшін маңызды екенін, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. – Инвестициялық жобалардың түпкі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын ашу. Ал ол үшін аудан әкімдері жұмыспен қамту саласындағы жағдайды жүйелі түрде саралап отыруы қажет. Бұл жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталған нақты іс-қимыл алгоритмін құрудың бірден-бір жолы, – деді облыс әкімі. Мұнан соң сөз алған облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нағима Темірбекова 2022-2025 жылдар аралығында тауарлы балық өндіру жобалары туралы баяндады. Мұнда жоспарлар мен салада кездесетін кедергілерді де жіпке тізді. Аймақ басшысы баяндамада айтылған түйткілді мәселелерді жан-жақты зерттеп, бір апта ішінде жан-жақты талдау жасауды тапсырды. Сондай-ақ жиында жаңа жобалар мен жобалардың өзекті мәселелері талқыға түсті. Инвестициялық штаб отырысында «Tas Market-Komir» ЖШС өкілдерімен қуаттылығы жылына 45 мың тонна ферроқорытпа шығаратын зауыттың және «Асқар-Тау» – дайын бетон өндіретін ЖШС-ның құрылысына қатысты мәселелер талқыланды.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар