Қазақстан – Қытай шекарасы уақытша жабылады
7 және 9 мамырда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жабық болады. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Мерекеге байланысты 7 және 9 мамырда Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтарды, көлік пен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген ақпаратта.Соған байланысты комитет тасымалдаушылардан енгізілген шектеулерді ескеріп, бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Келесі мақала
Мойынқұмда мүмкіндік мол
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында Тазару күніне орай кең көлемді экологиялық акция өтті
- авторAR-AY
- 23 наурыз, 2026




