Сотталған азаматтар сынға түсті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні сотталған азаматтар бұқаралық спорттың бірнеше түрінен яғни, қол күресі, гір тасын көтеру және шағын футболдан өзара кім мықтыны анықтады.
Айта кетейік, тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша шара барысында белсенділік танытқан жазасын өтеушілерге мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.
Келесі мақала