Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Цифрландыру саласындағы жетістіктер

Цифрландыру саласындағы жетістіктер
ашық дереккөз
Цифрландыру саласындағы жетістіктер
Жамбыл облысының қолайлы экономикалық және инвестициялық ахуалын дамытуға ықпал етуге бағытталған «Zhambyl Investment and Economic Forum-2023» атты халықаралық форумның цифрландыру бағыты бойынша Иран, Литва, Қытай, Сауд Арабиясы және республиканың барлық аймақтарынан келген қонақтар Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасындағы IT академиясының жұмысымен танысты. Келушілерге ұсынылған жобалардың бірі – «New STEP project». Аталған жобаны Тараз инновациялық институты «Педагогика» факультетінің «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Г.Байғазиева бастаған «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенттері әзірлеген. Халықаралық Тараз инновациялық институтының цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктерімен таныстыру барысында институт ректоры оқу орнының «Агробиология», «Ветеринария және малшаруашылығы», «Аквакультура» және «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыстары, жоғары оқу орнының «Huawel» ICT Academy» заманауи технологиялық проектілерді іске асыруға бағытталған жобасы мен облыстағы ауыл жастарының тегін білім алуына арналған «ХТИИ-дың 100 гранты» әлеуметтік жобасы туралы айтып, қонақтарға оқу орнының алдағы жоспарларымен бөлісті.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар