Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жеңілдетілген автонесие: оған табысы жоғары қазақстандықтар қатыса алмауы мүмкін

Жеңілдетілген автонесие: оған табысы жоғары қазақстандықтар қатыса алмауы мүмкін
ашық дереккөз
Жеңілдетілген автонесие: оған табысы жоғары қазақстандықтар қатыса алмауы мүмкін
Автонесиелеу бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі қарастырып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бүгінде аталған бағдарлама бойынша бірнеше мәселе бар.
Біріншіден, біз әр айда қайтарылған қаржы есебінен қосымша автонесиелендіруді жүзеге асырамыз дедік. Бірақ айына шамамен 1 млрд теңге қайтарылып отыр. Ол 100 көлікке жетеді. Осы уақытқа дейін шамамен 4 млрд теңге қайтарылды. Ол ең көп дегенде 400 көлікке жетеді. Бағдарлама жарияланғанда шамамен 5 млрд теңге қайтарылған соң, қайта басталуы керек. Мұнда автонесие арқылы көлік алғандардың тізімін жариялау мәселесі де бар, - деді министр Үкімет отырысынан соң.
Сондай-ақ ол автонесиелеу бағдарламасы қайта қаралатынын жеткізді.
Екіншіден, (бұрын) бастапқы жарна болмайтын. Ол бойынша 10% бастапқы жарнаны енгізуді қарастырып отырмыз. Үшіншіден, көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді әрі көбірек көлік беруді қарастырамыз.
Сондай-ақ белгілі бір жалақысы бар адамдарға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе, көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақасына қарап, белгілейміз. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп, аяқтауды көздейміз», - деді Марат Қарабаев. Сөз соңында министр өзгерістер 1 айдың ішінде қабылдануы мүмкін екенін атап өтті.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар